ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының

2025-2026 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары

 

        Тәрбие мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Өзін-өзі дамыту, оқушылардың жеке басының өзін-өзі анықтауы, олардың қоғамдағы сәтті әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.

1.Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері

  1. Құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі жобалар

НЕГІЗІ

  1. Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

ІІ. Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету

ІII. Іске асыру тетіктері: тәрбиенің басым бағыттары бойынша іс-шаралар

ІҮ. Ата-аналармен жұмыс

 Ү. Кадрлық қамтамасыз ету

3.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2025 жылғы  26 мамырдағы 123 бұйрығына  сәйкес  2025-2026 оқу жылына арналған  тәрбие жүмысының   жылдық жұмыс  жоспары

МАҚСАТЫ: Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

МІНДЕТТЕРІ:

- Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу;

- Адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;

- Табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу;

- Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту;

- Отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;

- Әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу;

- Еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;

- Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау;

- Әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;

- Білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;

- Білім беру ұйымдарында оқушылардың психологиялық қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуалды қалыптастыру;

- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;

- Отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТОПТАМАСЫ:

  • Тәуелсіздік және Отаншылдық
  • Бірлік және Ынтымақ
  • Әділдік және Жауапкершілік
  • Заң және Тәртіп
  • Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік
  • Жасампаздық және Жаңашылдық

 ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРЫ:

  • «ҚАМҚОР»- әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу.
  • «ЕҢБЕГІ АДАЛ – ЖАС ӨРЕН»- білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
  • «SMART BALA»- инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
  • «ШАБЫТ»- білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу.
  • «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ»- тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу.
  • «БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ»- кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру.

 

Тәрбие жоспары 2025-2026 оқу жылы

© 2025. Все права защищены.