Бүгін мектебімізде “Бала қауіпсіздігі неге күрделеніп барады!? атты тақырыпта түсіндірме жұмыстары өтті. Жиынға Баянауыл ПБ ЮПТ учаскелік полиция аға инспекторы, полиция подполковнигі Абикеева Д.Б. және жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Нұржан Абилович Елемесов мектебімізге келіп, 5-11 сынып оқушыларына “Зорлық-зомбылық түрлері” , кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу ,суық қару, буллинг, кибербуллинг мәселелері, қауіпсіздік ережелері, түнде жүру тақырыптарында түсіндіру жұмыстары өткізілді.







