6-10 сыныптарға арналған «Таңдау уақыты» атты спорттық сайыс ережесі
Өтетін күні: 27.02.25
Қатысушылар: Оқушылар
Мақсаты: Балалардың ұлттық ойындарға қызығушылығын арттыру. Заманауи ойын шарттарын ұлттық нақышпен ұштастырып, балалардың тапқырлық, шапшаңдық, іздену қабілеттерін дамыту. Ұлттық ойындарға көңіл бөліп, қызықты ету.
Байқау шарттары:
• Байқауға қатысушы 6-10 сынып оқушылары;
• Топтық және өздік ойын тапсырмаларын орындау;
Қорытынды бойынша:
• Жеңімпаз барлық 6 кезеңнен мүдірмей өткен қатысушы.
• Жеңімпаз атанған оқушыға сыйлық және мақтау қағазы табысталады.







