Бүгін Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні. Ол — көрнекті қазақ ғалымы, геолог, академик және Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті.
Қазақстандағы пайдалы қазбаларды зерттеуде үлкен рөл атқарған. Әсіресе Жезқазған кен орындарын зерттеуі — еліміздің индустриялық дамуына зор үлес қосқан. Сонымен қатар, ол алғашқылардың бірі болып, қазақ тілінде ғылыми еңбектер жазып, ғылым мен білімнің дамуына мол еңбек сіңірді.







