1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебімізде “Балалардың сенімді дәрігері” тақырыбы аясында мектеп мейірбикесі оқушылармен арнайы шеберлік сағатын өткізді.
“Жарақаттану деген не?” тақырыбында өткен бұл шарада балаларға алғашқы көмек көрсету, қауіпсіздік ережелерін сақтау, жарақат алған жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді. Оқушылар түрлі жағдаяттарда қалай әрекет ету керектігін үйреніп, пайдалы ақпараттармен танысты.
Іс-шараның мақсаты — балалардың өмірлік дағдыларын қалыптастырып, денсаулыққа деген жауапкершілік пен сақтықты арттыру.







