Жоспарға сай бастауыш сынып оқушыларының өткен тәрбие сағаттары.
📚✨ "Мектебім – мейірім мекені" тәрбие сағаты өтті!
Бүгін мектебімізде оқушылардың жүрегіне жол табар, тәрбиелік мәні зор "Мектебім – мейірім мекені" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар мектептің – тек білім ордасы ғана емес, сондай-ақ адамгершілікке, достыққа, мейірім мен сыйластыққа тәрбиелейтін орта екенін терең сезінді.
💬 Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, эссе жазып, сурет салып, шығармашылық жұмыстарын таныстырды.
Мұндай шаралар жас ұрпақты рухани бай, отансүйгіш, мейірімді тұлға етіп қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Бүгінгі тәрбие сағаты – соның айқын дәлелі!