Баянауыл ауданы , Ш.Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернатының 6 «А» сынып оқушылары Ұлттық STYLE жобасы аясында ұлттық құндылықтарды насихаттап, ата-баба дәстүрін дәріптеуге үлес қосты. Оқушылар өз қолдарымен шопер сөмкелер тігіп, оларға ұлттық ою-өрнектерді жабыстырып, ерекше стильмен безендірді.
Бұл жұмыс арқылы олар ұлттық нақышты заманауи тұрғыда ұштастырып, шығармашылық қабілеттерін таныта білді.






