«Ақылдың үш қыры: Физика, Математика, Информатика» апталығы басталды!
Ш.Айманов атындағы жалпы білім беретін мектеп-интернатында 2025–2026 оқу жылының 17–21 қараша аралығында физика, математика және информатика пәндеріне арналған апталық өз жұмысын бастады.
Апталықтың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру, жаратылыстану-математикалық сауаттылығын дамыту және ғылымға деген қызығушылығын ояту.
Алда түрлі байқаулар, зияткерлік сайыстар, жобалар мен қызықты кездесулер күтіп тұр.
Барша оқушылар мен ұстаздарға сәттілік пен шабыт тілейміз!






