“Ұлттық STYLE” жобасы
Бүгін оқушыларымыздың шығармашылығын шыңдап, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ерекше жұмыс ұйымдастырылды.
🌟 Балалар ұлттық нақыштағы этностильде шырша ойыншықтарын жасап, өз қолөнер шеберліктерін танытты. Ою-өрнек, ұлттық түстер, дәстүрлі элементтер – барлығы да жаңа жылдық көңіл-күймен үйлесе отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
🧵 Бұл іс-шара оқушылардың эстетикалық талғамын дамытуға, ұлттық мәдениетті құрметтеуге және шығармашылық қабілеттерін арттыруға үлкен үлес қосты.






