Құқықтық мемлекет – қауіпсіз қоғам негізі
Бүгін мектебімізде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы "Заң жыне тәртіп" құндылығының айлығы аясында "Құқықтық мемлекет" тақырыбында 6 “а “ сынып оқушыларымен сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараға Баянауыл аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Ильмира Имантайқызы Мекенова арнайы қатысып, оқушылармен мазмұнды әрі тағылымды кездесу өткізді.
Сонымен қатар, сынып сағатына:
🔹 басшының тәрбие жұмысының орынбасары Саликова Елмира Мергенбаевна,
🔹 орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Хасенова Г. Б.,
🔹 қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Амангүл Рымхан қатысып, тәрбиелік жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
👮♀️ Кездесу барысында:
• балалардың құқықтары мен міндеттері,
• буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу,
• қауіпсіз орта қалыптастыру,
• қиын жағдайларда қайда және кімге жүгіну керектігі туралы кеңінен айтылды.
👧👦 Оқушылар өмірлік жағдаяттарды талқылап, өз ойларын ашық айтып, құқықтық сауаттылықтарын арттырды. Мұндай кездесулер балалардың жауапкершілігін күшейтіп, бір-біріне құрметпен қарауына ықпал етеді.
🙏 Ильмира Имантайқызына және іс-шараға атсалысқан әріптестерге тәрбиелік мәні зор кездесуі үшін алғысымызды білдіреміз!
✨ Құқықтық мемлекет – әр баланың қауіпсіздігі мен қадір-қасиетін қорғаудан басталады.






