Психологиялық қолдау - оқу жетістігінің кепілі!
Ш. Айманов атындағы мектеп-интернатының психологиялық қызметі оқушылардың оқуға деген қызығушылығын ояту және ішкі мотивациясын арттыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізуде.
Біздің мақсатымыз – Әрбір шәкірттің бойындағы білімге деген отты жағу!
Біз не істедік?
Мотивациялық тренингтер: Жоғары сынып оқушылармен «Өз болашағың – өз қолыңда», «Жетістікке жету психологиясы», «Сәтті оқуға он қадам» тақырыптарында топтық коучингтер, тренингтер өткізілді. Бұл сабақтар балалардың мақсат қоя білу дағдыларын дамытты. Орта буын оқушыларымен «Топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптатыруға арналған ойындар», «Коммуникативтік қабілеттерін арттыру жаттығулары», бастауыш сынып оқушыларымен «Жалқаулықты жеңуге арналған жаттығулар», «Зейінді шоғырландыруға», «Сыни ойлауды дамытуға», «Есте сақтау қабілеттерін дамытуға», «Креативті ойлауға және логиканы дамытуға», «Көшбасшылық қабілеттерін арттыруға» арналған жаттығулар мен ойындар» өткізілді.
Интерактивті ойындар: Сабаққа деген «талбетті» ашу үшін нейрожаттығулар мен зейінді шоғырландыру ойындары ұйымдастырылды.
Жеке кеңестер: Әрбір оқушының бойындағы қорқыныш пен кедергілерді анықтап, олардың өз күшіне деген сенімін нығайту үшін жеке және топтық кеңестер беріліп, қолдау көрсетілді, оқу барысында кездесетін қиындықтарды шешу жолдары қарастырылды.
Ата-аналармен жұмыс: Баланың оқуға деген құлшынысын арттырудағы отбасының рөлі туралы «Балаңызды қалай ынталандыру керек?» атты пайдалы кеңестер берілді.
Нәтижесінде: Оқушылардың оқу мотивациясын арттыру-үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілетін жұмыс. Мектеп психологтарының тарапынан жүргізілген диагностикалық, түзету-дамыту және ағартушылық жұмыстар оқу үдерісінде жағымды әсерін тигізуде. Оқушыларымыз уақытты тиімді жоспарлауды (тайм-менеджмент), қиындықтардан қорықпауды және әрбір жаңа білімнің болашақ мамандыққа баспалдақ екенін түсінуде. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.






