ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Облыстық «Шәкен Айманов» оқулары өтті
2026 жылғы 13 ақпан күні Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында қазақ кино өнерінің дара тұлғасы, актер әрі режиссер Шәкен Аймановтың шығармашылығына арналған «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен облыстық «Шәкен Айманов» оқулары өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – дарынды балаларды анықтау, қолдау, жас талапкерлерге әлеуметтік-рухани бағыт-бағдар беру, сондай-ақ олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету.
Аталған шараға Баянауыл ауданының мектептерімен қатар Павлодар қаласынан, Успен, Тереңкөл, Ақтоғай аудандарынан келген оқушылар қатысты.
Оқулар аясында өнерлі оқушылар сахналық қойылымдар көрсетіп, көркем сөз оқып, ән орындап, шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
🤝 Шараның жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткен жомарт жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз:
«Шоң Едіге» ЖШС басшысы Музапаров Тоқжан Шаматұлына
«Камашев» ЖШС басшысы Камашев Қосмабек Сланбекұлына
«Тоқпаев» ЖК басшысы Тоқпаев Қанат Жұмабекұлына
«Қызыл-Тау» ЖШС басшысы Рахмашев Арман Оралұлына
«Құтмекен» ШҚ басшысы Боранбаева Рымтайға
«Нұрбол» дүкенінің басшысы Кокумбаев Нұрбол Олжатайұлына
«Әдия» ЖК басшысы Жакупова Айнұр Нұрланқызына
«Ай-Ару» ЖК басшысы Сарбасов Ардақ Ғабдысаттарұлына
Сіздердің қолдауларыңыз – жас таланттардың қанаттануына үлкен серпін береді!

© 2026. Все права защищены.