«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектебімізде 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай «Рақмет…» атты челлендж ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты – оқушылардың бойына ризашылық сезімін ұялату, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, айналасындағы жандарға алғыс айта білу мәдениетін қалыптастыру.
Шара барысында оқушылар ата-аналарына, ұстаздарына жүрекжарды алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жолдады. Әрбір айтылған «Рақмет» – шынайылық пен адамгершіліктің көрінісі болды.
Алғыс айту – ізгіліктің бастауы.






