ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыруымен Астана қаласында кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, сондай-ақ салалық ұйым жетекшілері, өңірлік білім басқармаларының басшылары, мектеп директорлары мен педагогтер қатысты.

Жиында білім беру саласын дамыту, оның сапасын арттыру және жүйелі реформаларды жүзеге асыру мәселелері кеңінен талқыланды. Аида Балаева білім – қоғам дамуының негізгі тірегі екенін атап өтіп, 2030 жылға дейінгі «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының маңыздылығына тоқталды. Бұл құжат әрбір баланың қауіпсіздігі, сапалы білім алуы, денсаулығы мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуді көздейді

Сонымен қатар мектепке дейінгі және бастауыш білім сапасын арттыру, оқулықтарды жетілдіру, педагогтердің біліктілігін көтеру қажеттігі айтылды. Балалардың сыни ойлау қабілетін дамыту және алған білімін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру басты міндет ретінде белгіленді.

Отырыста жасанды интеллект технологиялары бойынша педагогтерді даярлау, педагогикалық ЖОО-ларда арнайы факультеттер ашу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту мәселелері де қозғалды. Бұдан бөлек, инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау және кадр тапшылығын шешу бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Алқа отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ведомствоның өткен жылғы жұмысына қорытынды жасап, алдағы кезеңге арналған негізгі басымдықтарды таныстырды.

34

35

36

37

© 2026. Все права защищены.