«Жанұя жылуы» жобасы аясында мектебімізде 1, 4-сынып ата-аналарымен «Отбасы ресурстары» атты ерекше кездесу өтті.
Бала тәрбиесі — тек мектептің емес, ең алдымен отбасының ішкі қуатына байланысты процесс. Жиналыс форматы емес, тренинг форматы:
🔹 Отбасының ішкі қуатын қалай арттыру керек?
🔹Отбасылық махаббат пен қолдаудың маңызын талқыладық;
🔹 Психологиялық тұрақтылықты қайдан аламыз?
Ата-аналар «Сиқырлы қоржын» ойыны арқылы өз отбасыларының символын таңдап, өзара тәжірибе бөлісті. Жылы атмосфера, ашық диалог және жаңа идеялар!






