2-сәуір Халықаралық балалар кітабы күні мерекесіне орай “Бұл қай ертегі?” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жыл сайын тойланатын кітап мерекесінің басты мақсаты – жас оқырмандарды рухани азық көзі кітап әлемімен таныстыру, бастауыш сынып оқушыларын ертегі оқуға шақыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы ерекше екенін түсіндіру.
Кітап көрмесі бастауыш сынып оқушыларына таныстырылып, көрмедегі ертегі кітаптарға кітапханашы шолу жасады. Іс-шара барысында ұсынылған ертегі кітаптар балалардың қызығушылығын арттырып, олар өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап алды.
Сонымен қатар, оқушылар арасында қызықты ойындар ұйымдастырылды. Балалар сүйікті ертегілері бойынша сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.
Іс-шара қызықты әрі мазмұнды өтті.






