Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Менің сүйікті кітабым» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға балалар белсене қатысып, өздерінің сүйікті кітап кейіпкерлерін бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әрбір жұмыс ерекше мазмұнға ие болып, көрермендердің қызығушылығын арттырды. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.






