Құрметті ата-аналар!
Көктемнің шуағымен бірге балаларымыздың белсенділігі де арта түседі, алайда дәл осы кезенде олардың өміріне түнетін қауып қатерлер де еселенетіні сөзсіз. Осы орайда, білім беру басқармасы ата-аналарға, мұғалімдерге және барша ересектерге балалардың күнделікті өміріне мұқият қарауға шақырады.
Балаларымыздың өмірі біздің қолымызда. Әрбір ата-ана сақтық шараларын ұстанып, қауіпсіздік ережелеріне бей-жай қарамауы тиіс.
Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылы облыс аумағында балалардың терезеден құлап кетуінің 17 жағдайы тіркелген, соның 4 қайғылы жағдаймен аяқталды.
Әсіресе 2-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер үшін бұл аса қауіпті. Мұндай қайғылы жағдайлар көбіне ересектердің бейқамдығынан және терезеге арнайы қорғаныс құралдарының орнатылмауынан орын алады.
Сондай-ақ суға кету оқиғалары аландатарлық деңгейіне жетті. 2025 жылы облыста су айдындарында екі баланың қаза болуы тіркелді.
Бұл әсіресе 10-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі.
Мұның басты себептері қараусыз шомылу және арнайы рұқсат етілмеген, жабдықталмаған су айдындарында суға түсу.
Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін мына қарапайым бірақ аса маңызды ережелерді есте сақтаңыз:
- терезелерге сақтық құрылғыларын орнатыңыз – арнайы құлыптар, торлар мен бекіткіштер балалардың құлауына жол бермейді;
- тек қауіпсіз жерлерде суға түсіңіз – құтқару қызметі бар жағажайларды таңдаңыз, бейтаныс су айдындарынан аулақ болыңыз;
- балаларымызды қараусыз қалдырмаңыз – әсіресе су маңында, әрдайым бақылауда ұстаңыз;
- судағы қауіп-қатерлерді түсіңдіріңіз – биіктен суға секіру, тереңдікте ойнау және қатты ағыстарға жақындау өте қауіпті екенің үйретіңіз;
- балаларды алғашқы көмек көрсетуғе баулыңыз – суға кеткен адамға қалай көмек көрсету керектігін білудің өзі біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Құрметті ата-аналар, балаларымыздың амандығы біздің ең үлкен жауапкершілігіміз.
Біз олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Қайғылы жағдайларды алдын алу өз қолымызда.
Балаларыңызды қорғаңыздар!







