ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

«Таза Қазақстан – Таза Баянауыл» экологиялық апталығы аясында
фото және видео байқауының
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер
«Таза Қазақстан – Таза Баянауыл» экологиялық апталығы аясында табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында фото және видео байқауы ұйымдастырылады.
2. Байқаудың мақсаты
Оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған идеяларды насихаттау
Шығармашылық жұмыстар арқылы туған жер табиғатын дәріптеу
3. Байқауға қатысушылар
Байқауға қатысушы сыныптар: 8a, 8ә, 10а, 10ә
4. Байқау номинациялары
«Таза табиғат» – табиғаттың әсем көріністерін бейнелейтін фотолар
«Эко әрекет» – сенбілік, тазалық жұмыстары, ағаш, гүл отырғызу сәттері
«Таза Қазақстан – менің үлесім» – табиғатты қорғауға шақыратын қысқа видеоролик
5. Жұмыстарға қойылатын талаптар
Фото жұмыстары:
Авторлық жұмыс болуы тиіс
JPEG немесе PNG форматында
Жоғары сапада болуы қажет
Әр қатысушы 1–2 фото ұсына алады
Видео жұмыстары:
Ұзақтығы 1–3 минут
MP4 форматында
Экологиялық тақырыпты қамтуы тиіс
Әр қатысушы 1 видео ұсына алады
6. Бағалау критерийлері
Тақырыптың ашылуы
Шығармашылық идея
Сапасы мен көркемдігі
Экологиялық маңызы
7. Байқау мерзімі
Жұмыстарды қабылдау: экологиялық апталық барысында
Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау: апталықтың жабылу салтанатында 8. Марапаттау
Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады.
Байқау төрешілер қатысуымен 16 сәуір информатика кабинетінде өтеді.

24

© 2026. Все права защищены.