Тәрбиешілер апталығы аясында
мектебімізде «Денсаулық – зор байлық. Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру және денсаулықтың адам өміріндегі басты құндылық екенін ұғындыру.
Оқушылар белсенді қатысып, пайдалы тағамдар мен зиянды әдеттер туралы өз ойларын ортаға салды.
Тәрбиеші: Мубаракова Р.






