Таза Қазақстан – баршамызға ортақ іс!
“Таза Қазақстан” акциясын насихаттау мақсатында мектебіміздің кіші қызметкерлері сенбілікке шығып, мектеп ауласын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты. Тазалық жұмыстарында аула ретке келтіріліп, айнала қоршаған ортаның таза әрі көрікті болуына үлес қосылды.
Тазалық – мәдениеттің белгісі. Әрбір азамат табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстауға жауапкершілікпен қарауы тиіс.






