“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында мектебімізде қоқысты сұрыптау және қайта өңдеуге тапсыру жұмыстары жүргізілді. ♻️
Жиналған қалдықтар сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберілді. Атап айтқанда, Қарағанды қаласына 410 кг картон, ал Павлодар қаласына 980 кг макулатура тапсырылды.
Қоқысты сұрыптау арқылы біз Баянауылдың әсем табиғатын ластанудан қорғауға өз үлесімізді қосып қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастырып, экономикалық пайда табуға мүмкіндік алып отырмыз. 🌿
Түскен қаржылай қаражат экологиялық апталықтың қорытындысында белсенді қатысқан оқушыларға сыйлықтар мен сертификаттар табыстауға жұмсалады.
Сонымен қатар, Қарағанды қаласына картон тапсыруға көмек көрсеткен ауданымыздың жеке кәсіпкері Ахметов Ардак Болатұлына және ата-аналарымызға мектебіміздің атынан шынайы алғысымызды білдіреміз.






