“Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар” тақырыбындағы оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларына арналған білім беру қарқындылығының облыстық кезеңінде “Bayan umiti” командасы жоғары нәтиже көрсетіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды. 🏆
Команда құрамында мектеп президенті Жанатқызы Аққу өз көшбасшылығын танытып, белсенділік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз. Алдағы республикалық кезеңде де сәттілік тілейміз!









