“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында 7 “А” сыныбында “Таза табиғат – таза болашақ” тақырыбында тәрбие сағаты өтті!
Тәрбие сағаты барысында оқушылар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсініп, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды үйренді ♻️
Табиғатты аялау – әрбіріміздің міндетіміз екенін ұғына отырып, оқушылар табиғат жанашырларына айналуға қадам жасады.
Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі!






