«Отбасы – аман, сарқылмас қазына». Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат құндылық, мейірім мен сүйіспеншіліктің, сыйластық пен татулықтың алтын бесігі.
Осы тақырып аясында оқушылардың отбасылық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту, ата-анаға деген құрметін арттыру мақсатында «Отбасы – аман, сарқылмас қазына» тақырыбында ашық сынып сағаты өтті.Сынып сағатына «Мерейлі отбасы» байқауының қатысушысы Джакитовтар отбасы арнайы шақырылып, өздерінің отбасылық дәстүрлері, құндылықтары мен өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Отбасы мүшелері оқушылармен жылы әңгіме жүргізіп, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, отбасындағы өзара сыйластық пен қолдаудың маңызы туралы ойларымен бөлісті.
Іс-шара барысында оқушылар белсенді қатысып, отбасы туралы өз ойларын ортаға салды. Ашық сынып сағаты тағылымды әңгімелерге, жылы лебіздерге және әсерлі кездесуге толы болды. Отбасы – береке бастауы, сарқылмас қазына! Әр шаңыраққа амандық, бірлік пен бақыт тілейміз! Өткізген 8”А” сынып жетекшісі Ж.Ж.Успанова, 8”Ә”сынып жетекшісі А.А.Абдуева






