Бүгін мектебімізде орналасқан Ш.Айманов атындағы мектеп мұражайында Майқайын
#2 мектебінің 9 ә сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге қонақта болды. Мұражай жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Рахимтаев Ержан оқушыларға Ш.Аймановтың өмірі, өнердегі жолы жайлы оқушыларға тыңғылықты мағлұмат беріп, мұражай жәдігерлерімен таныстырды. Саяхат соңында оқушылар тілек кітабына өз лебіздерін жазып қалдырды.







