2023 жылғы 13 қазан күні Баянауыл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен жеңіл атлетикадан командалық эстафета 400 метрге жүгіруден аудандық жарысы өтті. Аталмыш жарысқа мектебіміздің желаяқ спортшылары қатысып, келесідей нәтиже көрсетті.
Мұрат Жаншырай, Сәбит Абдурашит, Айымхан Рахман ІІІ орындарды иеленсе, Бақбай Қайсар, Нұртай Сұңғат, Жаңбырбай Інжу,Сәрсенбай Нарым ІІ орынға қол жеткізді. Оралбек Бауыржан, Такишев Әділжан, Калгин Володя, Нағым Нұрали,Нұртай Зере І орын иеленіп жарыс жеңімпаздары атанды. Жаттықтырушысы: Сембин Нұрсұлтан Ерсінұлы. Құттықтаймыз!







