2023 жылғы 24 қараша күні волейбол спорт түрінен мектепішілік 8-11 сынып оқушылары арасында мектеп лигасы ұйымдастырылды. Жарысқа алты команда қатысып, келесідей нәтиже көрсетті. ІІІ орынды 9а сыныбы, ІІ орынды 10ә сыныбы, І орынды 11 сыныбы иеленді. Жарыста "үздік ойыншысы" аталымымен Қамар Толғанай, "Үздік шабуылшы" аталымымен Олжатай Төрекелді,"Үздік доп жалғаушы" аталымымен Сабитова Аружан ерекше ойын көрсеткендері үшін марапатталды. Жарысты үйымдастырған А.К.Ермеков. Құттықтаймыз!







