Баянауыл ауданының "Барлығына бірдей қолжетімді сапалы білім беру" ұлттық баяндамасын іске асыратын жол картасы аясында мектебімізде даярлық сыныбына баратын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункт жұмыс істейді.Жол картасына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ,орта білім беруді дамыту,білім беру сапасын бағалау,инклюзивті білім беру,балалардың құқықтарын қорғау,қосымша білім беру шаралары енгізілген.







