Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы. Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 10 шілде мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
«Мектепке жол» акциясы бойынша.
Қамқорлық кеңес мүшесінің төрайымы мен комиссия мүшелерімен отырыс өтті.







