Павлодар облысының білім беру басқармасының «Баянауыл ауданы білім беру бөлімі» КММ –нің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі №541Н бұйрығын басшылыққа ала отырып 12 қыркүйек күні мектебімізде «Денсаулық фестивалі-2024» акциясының өткізілуіне байланысты алдын ала жоспар құрылып, бекітілді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау дамытудың 2024-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде , 2024 жылдың қыркүйек айының 13 күні сағат 9.00-де «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» ұранымен «Денсаулық фестивалі-2024» акциясы басталды. Мектебіміздің ұжымы 1-11 сынып оқушыларымен іс-шараға белсене қатысты. «Денсаулық фестивалі» ашылу салтанатынан басталды. 1-11 сынып оқушылары және мектеп ұжымы флешмоб, бой жазу жаттығуларын орындады.