Мектеп жарғысына, СанПин ережесіне сай, мектептің жұмыс тәртібін ұйымдастыру және балалардың тамақтануын ұйымдастыру, әкелінген тағамдардың сапасын бақылау үшін бракераждық комиссия мектептің басқару кеңесімен және әкімшілікпен тығыз байланыста жұмыс жасауда.
Бракераждық комиссия мүшелері, БТЖО Э.М Саликова, қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.А Арешова мүшелері А.Боканова , Ж.Ж Сейткулов, А.М Канафина, ата-аналар комитетінің төрайымы Г.З Укубасова, мектеп диет медбикесі А.Р Саликова мектеп асханасындағы жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылауда,атап айтсақ,
1. Тамақты әкелген, қабылдаған кезде Санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуы
2. Тамақты сақтау қоймаларының ережеге сәйкестігі
3. Ас мәзірінің күнделікті дұрыс құрылуы
4. Асханадағы жұмыс
5. Тамақтың сапалығы және дайындау кезіндегі сапасы . Асхана қызметкерлерінің жеке гигиенасының сақталуы
6. Тамақтың салынуы және беру нормалары
7. Тамақтың түсінің, иісінің, дәмінің, қоюлығының , дәмділігінің талапқа сай болуы
8. Тамақ ішетін балалардың тізім бойынша толық қамтылуы
9. Буфетте тыйым салынған заттардың болмауы
Қорытынды: Бракераждық комиссия мүшелері тексеріс барысында асхана жұмысына оң бағасын берді, қосымша ескерту айтылды.