«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы негізінде “Жасөспірімдердің интернеттегі мінез құлқы және қарым-қатынасы” тақырыбында 7-сынып оқушылары арасында дебат ойыны өткізілді.
Қазіргі қоғам - жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және XXI ғасырдың бұл ағымы - қоғам дамуының жаңа дәрежесіне жеткізді. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс іздеу, білім алу мүмкіндігі және тағы басқа іс-әрекеттер шынайы әлемге қарағанда виртуалды әлемде жүзеге асатын болды. Интернет жастардың ең сенімді құралдардың біріне айналды. Қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, интернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желі арқылы «әңгімелеседі»
Сайыста қарастырылған сұрақтар:
Ал сіз интернетте ұзақ отырғанды жақсы көресіз бе?
Әлеуметтік желіге тәуелділік белгілерін негізге ала отырып,пікірлеріңді ашық орта салуларың сұралды.
-себепсіз поштаны қайта-қайта тексеру;
-ғаламторға қажетсіз кіре беру;
-жақын адамдардың компьютер алдында көп отырасын деген айыптаулары;
-уақыт өлшемінің жоғалтуы;
-желідегі қарым-қатынастың басымдылығы;
-міндеттерді ой елегіне алмау; кездесулерді, тамақ ішу уақытын, күнделікті режимнің бұзылуы;
-тәуелділіктің барын жоққа шығаруы;
-ашушаңдық көрсету, көңіл-күйдің болмауы, шаршау белгілерінің болуы.
Қортынды:
Алдымен, салауатты өмір салтына, жүзбе-жүз қарым-қатынасқа деген махаббатты ояту керек, яғни шынайы өмірге қайтып келуге талпыныс жасау.Шынайы өмір виртуалды өмірден әлдеқайда жақсы екенін ұмытпауымыз керек.