Наурыз мерекесіне орай 6-шы сыныптар қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша рөлін көрсетті.
«Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күні. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек және ұрпақтар сабақтастығы. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра, сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы.