20 наурыз - Ұлттық спорт күні
Бұл күн - халқымыздың байырғы спорт дәстүрлерін дәріптейтін, рухымызды көтеріп, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше мереке. Қазақтың көкпар, бәйге, аударыспақ, тоғызқұмалақ сынды спорт түрлері тек шеберлік пен шыдамдылықты ғана емес, бірлік пен жігерді де ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келеді. Ұлттық спорт - ата-бабамыздан қалған асыл мұра, елдігіміздің айнасы.