«Менің сүйікті кітабым – Абай шығармалары» және «23 сәуір – Ұлттық кітап күніне» орай 1 сыныптар арасында «Үздік оқырман» сайысы өтті.
Іс - шараның мақсаты-кішкентай оқырмандар арасында кітаптың білім таратудағы маңыздылығы мен кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, сапалы тәрбие алу үшін көп оқып, көп іздену керек екенін түсіндіре отырып, адамгершілікке, мейірімділікке әдептілікке тәрбиелеу.
Оқырмандар белсене қатысып өздерінің білімді және жүйрік екендерін байқатты. Байқау соңында үздік оқырмандар анықталып марапатталды.