1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында «Полиция - балалардың қорғаны» «Қауіпсіз маршрут», «Қауіпсіз аула» акциясы 1-5сынып оқушыларымен өтті. Акцияға ЖПҚБ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы аға лейтенант Жанахметова С.Б және Баянауыл аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, аға лейтенанты Мекенова И.И қатысып оқушыларға жаднама таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.