Мектеп Парламенті: “Есірткі — ғасыр дерті” ақпараттық шарасы
Бүгін мектеп парламенті оқушылар арасында “Есірткі — ғасыр дерті” тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.
Шараның мақсаты:
Оқушыларға есірткінің адам өміріне, денсаулығына және болашағына тигізетін зиянды әсерлері туралы жан-жақты ақпарат беру;
Жастар арасында дұрыс өмір салтын насихаттау;
Қауіпті әрекеттерден аулақ болып, саналы таңдау жасауға бағыттау;
Есірткіге қарсы қоғамдық жауапкершілік пен көзқарас қалыптастыру.
Шара жасөспірімдерге өз денсаулығы мен болашағына жауапты қарауға үндеді.






