Мектебімізде оқушылардың тапқырлығы мен шығармашылығын дамыту мақсатында мектепішілік жайдарман (КВН) сайысы ұйымдастырылды. Аталған сайысқа мектебімізден 7 команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Сайыс барысында оқушылар түрлі әзіл-қалжың, сахналық көріністер мен қызықты қойылымдар ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Командалар өзара тартысты бәсекеде тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын көрсете білді.
Сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 7 «А» сыныбы – І орын
🥈 8 «А» сыныбы – ІІ орын
🥉 6 «Ә» сыныбы – ІІІ орын
🏅 5 «А» сыныбы – «Ең тапқыр команда»
🏅 5 «Ә» сыныбы – «Ең драйвты команда»
🏅 7 «Ә» сыныбы – «Ең креативті команда»
🏅 8 «Ә» сыныбы – «Көрермен көзайымы»
Жеңімпаздар мен қатысушы командалар алғыс хаттармен марапатталды. Шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың белсенділігін арттырып, бірлік пен ынтымақты нығайта түсті.






