ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспары аясында
«Ұшқыр ой алаңы» зияткерлік-ұлттық ойынының
ЕРЕЖЕСІ
Өтетін күні: 29.01.2026ж 16:00
(5–7 сынып оқушыларына арналған)
1 Жалпы ереже
1.1. «Ұшқыр ой алаңы» — ұлттық ойындар мен зияткерлік тапсырмаларға негізделген командалық сайыс.
1.2. Ойын зияткерлік-ұлттық бағыттағы тәрбиелік іс-шаралар аясында өткізіледі.
1.3. Мақсаты — оқушыларды ұлттық құндылықтарға баулу, логикалық ойлау қабілетін дамыту, ұйымшылдық пен ептілікке тәрбиелеу.
2.Қатысушылар
2.1. Ойынға 5–7 сынып оқушыларынан құралған командалар қатысады.
2.2. Әр команда 5 оқушыдан тұрады.
3.Ойын құрылымы (6 бекет)
Ойын 6 бекеттен тұрады:
1. Бес асық
2.Кім мерген?
3. Тауып көр
4. Ептілік
5. Логикалық сұрақтар
6.Арқан тартыс
Командалар бекеттерден белгіленген бағыт бойынша кезекпен өтеді.
4.Бекеттерден өту тәртібі
4.1. Әр бекетке 5 минут уақыт беріледі.
4.2. Әр бекетте жауапты жетекші немесе төреші болады.
4.3. Тапсырмалар командалық түрде орындалады.
5. Бекеттердің қысқаша ережесі
🔸 1-бекет: «Бес асық»
Командадан 1–2 ойыншы қатысады.
Белгіленген уақыт ішінде асықты дұрыс лақтырып, жинау қажет.
Дәлдік пен жылдамдық ескеріледі.
🔸 2-бекет: «Кім мерген?»
Ойыншылар нысанаға (доп, сақина, асық, т.б.) дәл тигізуі керек.
Әр дәл тигізген әрекетке балл беріледі.
Мергендік пен шапшаңдық бағаланады.
🔸 3-бекет: «Тауып көр»
Ұлттық салт-дәстүр, мақал-мәтел, жұмбақ немесе жасырын сөздер беріледі.
Команда дұрыс жауапты табуы тиіс.
Ойлау қабілеті мен тапқырлық сыналады.


🔸 4-бекет: «Ептілік»
Қимыл-қозғалысқа негізделген тапсырмалар (кедергіден өту, зат тасу, т.б.).
Команданың ұйымшылдығы мен ептілігі бағаланады.
🔸 5-бекет: «Логикалық сұрақтар»
Логика, математика, өмірлік жағдаяттарға байланысты сұрақтар қойылады.
Әр дұрыс жауапқа балл беріледі.
🔸 6-бекет: «Арқан тартыс»
Командалар тең құрамда жарысады.
2 айналым өткізіледі.
Жеңіске жеткен команда ең жоғары балл алады.
Қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады.
6. Бағалау жүйесі
6.1. Әр бекет 10 балдық жүйемен бағаланады.
6.2. Жалпы ұпай — 6 бекеттен жиналған баллдардың қосындысы

16

© 2026. Все права защищены.