“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында зияткерлік ойын өтті
Мектебімізде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес мектеп парламентінің және қосымша білім беру педагогы Ханатұлы Ж. ұйымдастыруымен 5–7 сынып оқушыларына арналған “Ұшқыр ой алаңы” зияткерлік-ұлттық ойыны өткізілді.
Сайыс барысында оқушылар ұлттық құндылықтар, логикалық ойлау, тапқырлық пен командалық жұмыс бағытында өз білімдерін сынады. Іс-шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, белсенді азаматтық ұстаным мен әділдік қағидаларын қалыптастыруға бағытталды.
Осындай мазмұнды шаралар оқушылардың зияткерлік әлеуетін арттырып, ұлттық рухты нығайтуға үлкен үлес қосады.






