Бүгін мектеп оқушылары «Закладчики. Мать…» кинофильмін тамашалады.
Аталған фильм жасөспірімдер арасындағы қауіпті әрекеттердің, соның ішінде есірткі қылмысының салдары мен оның адам тағдырына, отбасыға тигізер ауыр зардабын көрсетеді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, зиянды әдеттерден сақтандыру, өмірлік дұрыс таңдау жасауға бағыт беру және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.






