Адал азамат – біртұтас тәрбие жоспары аясында «Шабыт» республикалық жобасы бойынша мектебімізде «Ананың аялы алақаны» атты челлендж ұйымдастырылды.
Бұл челлендждің мақсаты – анаға деген құрметті арттыру, ананың мейірімі мен шексіз махаббатын дәріптеу. Оқушылар аналарымен бірге жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтып, ерекше сәттерін бөлісті.
Ана – өмірдің шуағы, отбасының жүрегі, мейірімнің шексіз қайнары. Әрбір анаға деген алғысымыз шексіз!
🌸 Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы аналар!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы бақытын тілейміз. Әрдайым балаларыңыздың қуанышына бөленіп, шаттық пен мейірімге толы өмір сүре беріңіздер!






