Мектебімізде оқушылардың тамақтану сапасына бақылау жасайтын және зерделеу жүргізетін мектепшілік ведомствоаралық сараптамалық топ құрамы кезекті тексеріс жүргізді. Тексеру барысында дайын тағамдардың сапасы, дәмдік қасиеті, сыртқы көрінісі, температурасы және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі мұқият қаралды.
Тексеру нәтижесінде ыстық тамақтың барлық талаптарға сай екені анықталып, ескертулер мен кемшіліктер тіркелмеді. Оқушылардың дұрыс әрі қауіпсіз тамақтануы – басты назарда.






