1 мамыр – Бірлік күні құтты болсын!
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл мереке – еліміздегі татулық пен келісімнің, достық пен өзара құрметтің айқын көрінісі. Бір шаңырақ астында түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі – Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге бейбітшілік пен тұрақтылық тілейміз!
Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз арта берсін!







