“Наурыз – бейбітшілік бастауы”
Бүгін мектебімізде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай “Наурыз – бейбітшілік бастауы” атты мерекелік шара өтті.
Шара барысында мектеп оқушылары түрлі ұлт өкілдерінің өнерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, халқымыздың достығы мен бірлігін паш етті. Әрбір өнер көрсетілімінен татулық пен сыйластықтың ерекше лебі сезілді.
Мереке соңында оқушыларға дастарқан жайылып, шәй, палау және ұлттық тағам – бауырсақ таратылды.
Бірлік пен береке, татулық пен достық мәңгі жасай берсін!






