Ұлттық нақыш – ұлт рухы
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының ұстаздары ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өздеріне ерекше стильдегі этно-хит жаға тікті.
Әрбір жағада қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрін айшықтайтын ою-өрнектер көрініс тауып, ұстаздардың бейнесіне сән мен мән қосты. Бұл бастама – ұлттық болмысымызды насихаттаудың, жас ұрпаққа үлгі болудың жарқын көрінісі.
Ұлттық киім – рухани мұра, ал оны дәріптеу – әрқайсымыздың парызымыз.






