Баянауыл ауданының З.Ақышев, Ш.Айманов, Ш.Шөкин атындағы мектебінің 9 және 11-сынып түлектері ұлттық мәдениет пен ақын Мұхтар Шаханов мұрасын насихаттауға арналған шығармашылық челленджге белсене қатысты.
Челлендж барысында Шәмші Қалдаяқов әніне, Мұхтар Шаханов сөзіне жазылған «Ақ бантик» әнін хормен орындады. Ән орындау кезінде түлектер әсем әуен мен жүрекке жылы әсер сыйлай отырып,мектеппен қоштасар сәттегі сезімдерін, балалық шаққа деген сағынышын, ұстаздарға деген алғысын және болашаққа деген сенімін әсерлі жеткізе білді.
Бұл шығармашылық челлендж жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген құрметін арттырып, қазақ музыкасы мен поэзиясының құндылығын насихаттауға үлкен үлес қосты. «Ақ бантик» әні түлектеріміздің мектептегі есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.






