22 мамыр күні тарих пәнінің мұғалімі Опабекова Динара Карибаевна 5 “ә” сынып оқушыларына “Алаш арыстары” атты зияткерлік ойын өткізді. Динара Карибаевна қазақ халқының тәуелсіздігі, білімі, тілі мен жері үшін күрескен қазақ зиялылары жайлы деректі мәліметтер келтірді. Алаш арыстарының елді өркениетті, білімді, дербес мемлекет етуге ұмтылғаны жайлы ақпарат арқылы оқушылардың танымдық қабілеттеріне назар аударды.
Зияткерлік ойын барысында
Алаш арыстары
Әлихан Бөкейханұлы,
Ахмет Байтұрсынұлы,
Міржақып Дулатұлы,
Мағжан Жұмабаев,
Жүсіпбек Аймауытов сияқты зиялылардың ұлт тарихындағы рөлін айқындалды






