Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты жанынан ұйымдастырылған «Қарлығаш» бейінді лагерінің әр күні көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерлерге толы өтуде.
Күн барысында оқушылар түрлі танымдық және шығармашылық жұмыстарға қатысып, қызықты ойындар ойнады, өз қабілеттерін шыңдап, жаңа достарымен уақыттарын көңілді өткізді. Әрбір іс-шара балалардың белсенділігін арттырып, жазғы демалыстың қызықты өтуіне ықпал етті.
✨ Лагерьдің әр күні – жаңа білім, жаңа достық және ұмытылмас естеліктер!






